Қазақ-қытай шекарасы жабылады

Қазақ-қытай шекарасы жабылады
Сурет: Inform.kz

Оған себеп – Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы.

ҰҚК Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 22 маусымда шекара бекеттері жабық болады.

Оған себеп - Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы (Дуань-у).

«Осыған байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктілерінде адамдар, көлік, жүк пен тауар өткізілмейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген комитеттің хабарламасында.

Теміржолдағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.