Қайтарымсыз грант кімдерге беріледі?

Қайтарымсыз грант кімдерге беріледі?
Сурет: интернеттен

Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге).

8 сәуірден бастап бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өтінімдер Business.enbek.kz порталында қабылданады.

Республика бойынша бірінші лекте 4 500 адамға грант беру жоспарланып отыр.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, ақша жаңа бизнесті бастауға және дамытуға жұмсалуға тиіс.

Грант мөлшері 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны бір-ақ рет қана ала алады.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыру үшін грант алуға тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін) үміткер бола алады.

Бұл ретте үміткер мына әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

мүгедектігі бар адамдар;

қолданыстағы "қандас" мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар;

тұрмысы төмен отбасы мүшелері;

көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы/зайыбы);

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар.