Қай өңірде Олимпиадалық спорт түрі дамыған?

Қай өңірде Олимпиадалық спорт түрі дамыған?
Сурет: Elorda.info

Бүгін Туризм және спорт министрлігінің 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Жиын барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев 2023 жылы 27 спорт түрі бойынша өткен Спартакиаданың қорытындысына тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.. 

Былтыр ұлттық құраманы жасақтау мақсатында 4 жылда бір рет өтетін ҚР Спартакиадасына барлық өңірден спортшылар қатысты. Нәтижесінде Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысы алдыңғы орындарды иеленді. Ал ең төменгі көрсеткіштер Атырау, Маңғыстау, Ұлытау облыстарына тиесілі. 

"Атырау облысы 27 спорт түрінде бақ сынағанымен, 1 күміс, 2 қола жүлдеге ғана қол жеткізді. Маңғыстау мен Ұлытау облысы велоспорт, су спорты түрдері, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, гандболдан мүлдем сайысқа қатыспады", - деді Е.Маржықпаев.

Сондай-ақ, министр өңірлерде спортты бірдей деңгейде дамыту қажет екендігін айтып өтті. 

"Мәселен Шығыс Қазақстан облысының басым жүлделері жеңіл атлетикадан бұйырды. Түркістан облысының 41% жүлдесі каноэ және байдаркада есуге тиесілі", - деді ол.