Алматыда 7 мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды

Алматыда 7 мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды
Сурет: Polisia.kz

Ол тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды.

Алматыда жеті мылтық пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жасырылған орын қаланың Алатау ауданындағы 13-ші ықшамауданынан анықталды. Ол тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды.

«Жедел тергеу тобы 12 калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, пышақтар, 200-ден астам патрон, сондай-ақ оптикалық көздеуіштерді тәркіледі. Бұл қарудың 6 қаңтарға қараған түні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны анықталды. Қазіргі уақытта жедел іздестіру шараларымен қаруды жасырған орын авторларының жеке басы анықталуда, олар одан әрі жауапкершілікке тартылады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.