Студенттерден құрылған қылмыстық топ ұсталды

Студенттерден құрылған қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Elorda.info

Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасы жазды.

 Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 4 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық  әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері. 

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.