Қауіп қайдан...

Қауіп қайдан...
almaty-akshamy.kz

Қалдаяқов көшесіндегі 103 үйге қарама-қарсы жатқан «Кіші Алматы» өзеніне жарық бөренесі құлап қалған. Ток келіп тұрған бөрене өткен-кеткендерге зиянын тигізуі бек мүмкін. Тұрғын­дар адамдар жиі қатынайтын көше бойындағы мәселенің тез арада шешілуін сұрайды.

– Бөрененің қалай құлап қалғанынан бейхабармыз. Таңер­тең осындай жағдай орын алған екен. Алайда, жауапты мекемелерден ешбір адам келіп, ахуалды қараған жоқ. Ток­тың суға құлағанынан қорқып, көшені айналып өтіп жүрміз. Бұл қаланың орталығына жақын болғандықтан, көп адам жүреді. Біреуі боламаса, біреуін ток ұрады ма деп қорқамыз. Сонымен қатар, осы бөренеге жақын жерде шіріп, құлаудың аз-ақ алдында тұрған ағаш бар. Әкімдіктен осы екі мәселені шешіп беруін сұраймыз, – дейді Әсем есімді тұрғын.

Әкімдікке мәселе бойынша хат жолданды. Атқарушы мекеме мәселенің шешіліп жатқанын айтып, жақын арада бөрененің қалпына келетінін жеткізді.