Алматыда әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды

Алматыда әйелді соққыға жыққан ер адам ұсталды
vyatka-grad.ru

Алматыда 28 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Полиция мәліметінше, күдікті Алматы облысының К. есімді тұрғыны, 1986 жылы туған.

«Күдікті Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында әйелді еш себепсіз соққыға жыққан. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.