Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта күш алды

Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта күш  алды
Сурет: Сomplex.com

Корей елін коронавирус әбігерге салуда

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы бір күнде 4 мыңнан аса адам дертке шалдығып, елде коронавирусты жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Елде интенсивті терапия бөлімінің 70 проценттейі науқастарға толған. Сеулде бұл көрсеткіш 83 пайызға жетіп отыр.

Науқастар санының күрт артуына байланысты ауруханаларда шұғыл жаңа төсек-орындар дайындалып жатыр.

«Жағдай күрделі. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген науқастар саны күн сайын артып келеді. Әсіресе, жасы 60-тан асқан қарттардың вирусты жұқтыруы көбейді», - деді Оңтүстік Коеря денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілі Сон Ёнг Ре.