Ерболат Досаев Екібастұздағы апатқа қатысты пікір білдірді

Ерболат Досаев Екібастұздағы апатқа қатысты пікір білдірді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Екібастұздағы апат Алматы қаласында қайталануы мүмкін бе?

Бүгін Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан тұрғындарының бірі шаһар басшысы Ерболат Досаевқа жылу және электр желілерінің дайындығы туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматыда Екібастұздағыдай жылу жүйелерін өшіру қаупі бар ма?» - деп сұрады аудан тұрғыны.

Алматы әкімі Екібастұздағы жағдайды болдырмау үшін қолынан келгенін жасап жатқанын айтты.

«Біз қыс мезгіліне қағаз жүзінде ғана емес, өте жақсы дайындалдық. Жақында Мемлекет басшысы мен Премьер-Министрден энергетика жүйесіне ревизия жүргіземіз деген тапсырма келді. Жұмыс 1 желтоқсанда басталады», - деді Ерболат Досаев

Сонымен қатар, ол құзырлы органдар екі апта ішінде 1-15 желтоқсан аралығында жылу желілері мен қазандықтарды қосымша тексеруден өткізетінін атап өтті.

«Әзірге апатқа әкелетін алғышарттар жоқ деп үміттенемін. Жақында Гоголь көшесінде төтенше жағдай болды, желілер тозған, бірақ Алматы мұндай жағдайға дайын», - деді ол.