Kaspi.kz-те жәрдемақыға өтініш беруге болады

Kaspi.kz-те жәрдемақыға өтініш беруге болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мобильді қосымша арқылы өтінім бере аласыз.

Kaspi.kz-те көпбалалы отбасылар жәрдемақы мен жұмыссыздық бойынша төлемдерге өтініш бере алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Kaspi.kz мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Мемлекеттік органдарға қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді құруға көмектесіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа сервисті іске қосу үшін Еңбек министрлігімен, Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен, Цифрландыру министрлігімен және ҰАТ АҚ-мен бірлесіп жұмыс істедік. Енді көпбалалы ата-аналар, сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдар өз смартфонының экранында мемлекеттік жәрдемақыға өтінімді ресімдей алады. Осы ыңғайлы сервисті құруға қатысқан әр адамға мың алғыс», деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

«Мемлекеттік қызметтерді алу үшін әртүрлі платформаларды таңдау мүмкіндігімен азаматтар үшін қолайлылықты арттыру, қызмет көрсетудің бірыңғай нүктесіне тәуелділікті жою, сондай-ақ халықтың арасында мемлекеттік қызметтерді алу деңгейін арттыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларына шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әлеуметтік маңызды қызметтерге басты назар аударылады, бүгінгі таңда бұл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мен жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдер. Басқа қызметтер де жоспарланған. Аталған шаралар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді», деді Цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Юсупова.

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларға және жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға қалай өтініш беру керек екені туралы толығырақ Kaspi Гид бөлімінен оқыңыз.