Қаскелеңде әйелдер арасында төбелес болды

Қаскелеңде әйелдер арасында төбелес болды
Сурет: видеодан алынды

Алматы облысында әйелдер арасында болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қарағанда, арасында балалы әйелдер де бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео жергілікті Instagram парақшалардың бірінде жарияланған.

Zakon.kz сайтына облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қаскелең қаласында бүгін, 2023 жылғы 24 шілдеде болған.

«Төбелеске қатысушылардың жеке басы анықталды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілді, олардан жауап алынып жатыр», деп жазылған Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Өскеменде дәмхана маңындағы төбелес те видеоға түсіп қалған. Жедел басқару орталығының камераларының көмегімен бұзақылар ұсталды. 2023 жылдың 24 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті үш күдіктінің анықталғанын хабарлады.