Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның Әнұраны орындалды. Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттердің басшыларына рапорт берді.