Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты
Сурет: Holanews.kz

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев референдум жайлы ойымен бөлісті. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында осылай деді. Сұхбат барысында Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумға баратынын жеткізді. Сонымен қатар бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санайтынын айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және дамыту жөніндегі іс-қимылын одан әрі қолдауға дайынмын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.