Коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болды

Коронавирус инфекциясынан 6 адам қайтыс болды
Сурет: Givica.by

COVID-19 белгілері бар пневмониядан 165 адам айықты

Ел бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға шалдыққан науқастар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. 

Қауіпті инфекция белгілері бар пневмонияның 241 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 165 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері барлық ауырғандар саны - 73363, 4706 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар 60171 адамға жетті.