Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда министрлігінің жаңа басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда министрлігінің жаңа басшысын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады.

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kzю

Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі лауазымына 2 қыркүйекте тағайындалды.