Антальядан суық хабар келді

Антальядан суық хабар келді
Сурет: ашық дереккөз

Белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. 

Бұл туралы Жасулан Бисембиев өзінің әлеуметтік желісі арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда.
Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын»,-деп жазды ол. 
.