«Сағындым Алматымды»

«Сағындым Алматымды»
Сурет: Madeniportal.kz

5 қыркүйекте Алматы музейінде Қала күні аясында Алтынбек Қоразбаевтың  75 жасқа толуына орай «Сағындым Алматымды» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының (1993 ж.), Қырғызстан Республикасының (1994 ж.) халық әртісі, түрлі ордендер мен марапаттардың иесі, отандық мәдениет саласының мақтанышы Алтынбек Қоразбаев  тыңдармандардың шынайы ықыласына бөленген жан.

Бүгінде жалпақ қазақ, іргелес жатқан қырғыз, өзбек халықтарына есімі, шығармашылық жолы жақсы таныс Алтынбек Қоразбаев әнші-композитор ғана емес, соңынан шәкірт ертіп, баулып келе жатқан, өнердегі мектебін де қалыптастырған ұстаз. Ол Жетісу ән өнері мектебінің ұлы дәстүрін жалғастырып, дамытушы, ізденімпаз әрі талғампаз, еңбекқор, шығармашыл тұлға. 

Көрмеде Алтынбек Қоразбаевтың жеке заттары мен фотоқұжаттары, достары мен әріптестерінен келген сыйлықтары, сахналық костюмдері, Алматы музейі қорынан фотоқұжаттар ұсынылады.

Көрменің салтанатты ашылуының қонақтары: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, өнер қайраткерлері, БАҚ және басқалар.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Қабанбай батыр к., 132

Басталуы: сағ 15.00-де.