Қасиетті Құрбан айт 28-маусымда басталады

Қасиетті Құрбан айт 28-маусымда басталады
Сурет: ашық дереккөз

Қасиетті Құрбан Айт 28-ші маусымда басталып, 30-ына дейін жалғасады.

Маусымның 27-сі «Арафа күні» қажылар Меккедегі Арафат тауында құлшылық жасайды,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Қажылыққа бара алмаған мұсылмандар ол күні Ораза ұстайды. 28-і күні Айт намазы таңғы сағат 6-да оқылғаннан кейін, Астанада құрбандық шалуға арналған 5 базар жұмыс істей бастайды, деп жазды 24.kz. Ал қолы тимеген немесе сапарда жүргендер мүфтияттың «Құрбандық-2023» деген арнайы сайты арқылы діни жоралғыны онлайн жасай алады.

 - 06:30-дан бастап құрбандық шала береді күн батқанша. 28-29-30-ы құрбандық шалынады. Одан кейін құрбандықтың уақыты бітеді. Пайғамбарымыздың басқа бір хадисінде бар. Құрбандық шалу күндері 3 күн. Бірақ ең абзалы, қайырлысы - алғашқы күні, -дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Жұманазар Садырханов.