Алматы полициясы Өзбекстанның 10 азаматын елден шығарды

Алматы полициясы Өзбекстанның 10 азаматын елден шығарды
Сурет: Beresta.by

Оларды полиция сақшылары автобусқа отырғызған, автобус Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін барады.

Алматыда заңсыз жүрген Өзбекстан азаматтары өз еліне қайтарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы дерек бойынша,  5-12 шілде аралығында қала аумағында «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуын анықтау, сондай-ақ, заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмыспен қамту фактілерін анықтау.

«ҚР Консулдығы және полиция департаментінің күшімен ұсталған азаматтар автобусқа отырғызылды, олар Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін барады. Барлық елден шығарылғандарға Консульдықтан өз елдеріне оралу туралы куәліктер берілді. Шығарылғандардың арасында бірнеше жыл бұрын сот шешімімен үйіне қайту керек болған, бірақ белгілі бір себептермен қайта алмаған, қаражаты мен құжаттары жоқ азаматтар да бар. Сондықтан, Өзбекстан Консулдығы оларды құжаттандырып, жеке басын куәландыратын құжаттарын берді», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.