АТР-500 санатында қазақстандық теннисші алғаш рет жеңіске жетті

АТР-500 санатында қазақстандық теннисші алғаш рет жеңіске жетті
Сурет: Astanatv.kz

Александр Бублик әлемнің 7-ракеткасын ұтып, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияда өткен АТР-500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әлемнің 48-ракеткасы саналатын Бублик АТР рейтингінде 7-орында тұрған ресейлік Андрей Рублевті жеңді. Есеп - 6:3, 3:6, 6:3. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылған. Бублик АТР турнирлерінде сегіз рет финалға шықты. Ал АТР-500 санатында қазақстандық теннисші алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Айта кетелік, аталған турнир жеңімпазы 500 рейтингілік ұпай, сондай-ақ 410 мың еуро көлемінде сыйақы алады.