Қарулы Күштерде жазғы оқу кезеңі басталды

Қарулы Күштерде жазғы оқу кезеңі басталды
Сурет: Gov.kz

Оған Қарулы Күштердің жеке құрамы толық тартылған.

Қорғаныс ведомствосының барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік дайындық сабақтары өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, негізгі мақсат - жауынгерлік әзірліктің түрлі деңгейін енгізу кезінде әрбір әскери қызметшінің іс-қимыл тәртібін пысықтау.

Әскерлердің тұрақты орналасу пункттерінде, полигондарда, әуе айлақтарында, бастапқы позицияларда және теңізде жүктелген жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мәселелері іс жүзінде пысықталып жатыр.

Десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімшелерінің ықтимал қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын тексеру мақсатымен әскери-көліктік авиация ұшақтарымен белгіленген ауданға жеткізу жүзеге асырылды.

Барлық іс-шаралар жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық қорғаныс бөлімшелерімен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен өзара тығыз іс-қимылда өткізіліп жатқанын айта кету керек.

Сабақтар жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әрбір әскери қызметшінің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.