Қапшағайда тағы бір жасөспірімді ТЖД жасағы құтқарды

Қапшағайда тағы бір жасөспірімді ТЖД жасағы құтқарды
Сурет: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысының ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Жасөспірім Қапшағай су қоймасына батып кете жаздады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жасөспірім тоңып, суға бата бастады. Оны профилактикалық патрульдеу кезінде Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағадан 50 метр қашықтықта байқады. Баланы құтқару шеңберінің көмегімен құтқарып алып, жағаға жеткізді.  Медициналық көмекке мұқтаж емес», деп түсініктеме берді Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.