Қытайда электр энергиясына деген сұраныс максимумға жетті

Қытайда электр энергиясына деген сұраныс максимумға жетті
Сурет: Inbusiness.kz

Қытайдың бірқатар провинциясында күннің қатты ысуына байланысты электр энергиясына сұраныс тарихи максимумға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Осы аптада Қытайдың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында энергия қуатының максималды тұтынуы тіркелді. Электр энергиясына деген сұраныстың жоғары болуының негізгі себептерінің бірі ретінде күннің нормадан тыс ыстық болғандығы айтылды. Шаньдун (Шығыс Қытай) және Хэнань (Орталық Қытай) провинцияларында да электр энергиясына жоғары сұраныс байқалды. Осы аптада Қытайдың солтүстігінде аптап ыстық болды. Елдің бұл аймақтарында қолайсыз ауа райы жағдайына әрекет етудің қызғыл-сары деңгейі жарияланды.

Айта кетсек, өткен жылдың соңында Қытайдың көптеген аймақтары электр қуатының тапшылығына тап болған еді.