Қаланың көлік каркасын дамыту жүрдек қоғамдық көлікке негізделген

Қаланың көлік каркасын дамыту жүрдек қоғамдық көлікке негізделген
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді. Қала басшысы биыл жыл басында басталған шебер жоспар бойынша жұмыс желтоқсан айында аяқталатынын атап өтті. Құжат мәслихат депутаттары мен жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Әрине, бұл жүрдек қоғамдық көлікке негізделген. Мәселен, егер 2023 жылдың басында бізде қалада 550 мың жеке автокөлік тіркелген болса, қараша айының басында қалада 620 мың көлік болды. Қалаға кіріп-шығатын көліктерді ескерсек, 1,1 млн-ға жетеді. Қоғамдық көлікті дамыту ғана осы мәселені шеше алады», - деді Ерболат Досаев. 

Бұған қоса, шебер жоспарда дизельден толықтай бас тартып, газбен және электрмен жүретін автобустарға көшу арқылы қоғамдық көлікті экологияландыру мәселесін шешу көзделген. Инфрақұрылымды дамыту, маршруттарды оңтайландыру және басқа да заманауи сын-қатерлер бойынша ұсыныстар бар.