2024 жылы Алматыда қосымша 6000 бейнекамера орнату жоспарланған

2024 жылы Алматыда қосымша 6000 бейнекамера орнату жоспарланған
almaty-akshamy.kz

«Адамдар көп жиналатын жерлерде бейнемониторинг жүйесі» жобасы бойынша 2023 жылы 3050 камера орнатылды. 

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин 2024-2026 жылдарға арналған мегаполис бюджетінің жобасы қаралған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оның айтуынша, Кеңсай саяжайында және мектеп аялдамаларында қосымша 223 бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар, келесі жылы бағдарламалық кешендер санын 568,5 млн теңгеге 300 бірлікке ұлғайту көзделіп отыр.

Биыл «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» жобасы аясында 515 мемлекеттік нысанда 18 399 бейнекамера, сонымен бірге, жеке нысандарда 81 камера қосылған.