Қала әкімі қазандықтардың апаттық тоқтап қалуы туралы түсініктеме берді 

Қала әкімі қазандықтардың апаттық тоқтап қалуы туралы түсініктеме берді 
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Қала әкімі Қайрат Шайжанов Жезқазған Жылу энергия орталығындағы (ЖЭО) қазандықтардың апаттық тоқтап қалуы туралы түсініктеме берді 

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілерінде нормадан 10 градус кем температура байқалады, яғни қалыпты 73 градустың орнына, бізде 63 градус. 

Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп,жөндеуге кірісті. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады.

 Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде.

№6 қазандық бүгін сағат 10:15 – те істен шықты-түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде.

Осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді, ЖЭО таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр.