Иттер ерекше титулға ие болды

Иттер ерекше титулға ие болды
Сурет: ашық дереккөз

Женева қаласында өткен Әлем чемпионатында мойындалмаған тұқымдар тобында (FCI Халықаралық кинологиялық федерацияның 11-тобы) қазақтың екі тазысына ең жоғарғы титулдар берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Страна Беловодья» (ШҚО) тәлімбағынан шыққан «Тұмар» есімді тазы «Тұқымның үздік өкілі» және «Женевадағы Әлем кубогының жеңімпазы» атақтарына лайық танылды. Осы тәлімбақтан шыққан екінші ит «Вангелия» да бірнеше титулға ие болды, атап айтқанда «Қарсы жыныстың үздік өкілі» және «Женевадағы Әлем кубогының үздік ардагері» атанды.

Қазақстан кинологтері одағындағы ұлттық тазы клубының басшысы Елена Хардина бұл жеңіске 2006 жылдан бері талпынып келе жатқандарын айтады.

«Менің міндетім мықты және сау тазыларды шығару, олармен барлық халықаралық көрмелерге қатысу болды, ондағы мақсат – біздің тұқымды әлемнің әр жерінде көрсету», - дейді ол.

Айтуынша, біздің иттерге Ресейден шығып, Италияда тұрып жатқан тазылар бәсекелес болған.

«Осы Женевадағы бәсекелестеріміз осал болмады, толқыдық. Бірақ, біз жеңдік! Өте қуаныштымыз, себебі тазының отаны – Қазақстаннан шыққан иттер жеңілуі мүмкін емес. Біз алдағы уақытта да жеңіс тұғырында болуымыз керек. 2016 жылғы Әлем чемпионатында жеңгенбіз, ол кезде беларусьтік тазылармен бәсекелестік», - дейді Е. Хардина.

Кинолог Женевада тазыларға деген қызығушылық жоғары болғанын айтады.

«Көрмені тамашалауға келгендердің көбі жанымызға келіп, иттеріміз туралы сұрап, фотоға түсіп жатты. Қызығушылық жоғары болды», - деп атап өтті ол.

Айта кетсек, Швейцарияда тұратын қазақстандық қауымдастық өкілдері делегацияға қолдау білдіру үшін келді.

photo
photo