Ірі қара мен уақ малды ел шекарасынан әкетуге шектеу енгізілді

Ірі қара мен уақ малды ел шекарасынан әкетуге шектеу енгізілді
Сурет: ашық дереккөз

 Ауыл шаруашылығы жануарларының жекелеген түрлерін әкетуге сандық шектеу мен тыйым салу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап

23 маусымнан бастап «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы бұйрығымен 60 000 бас бұқашық мөлшерінде тірі ірі қара малды, 120 000 бас мөлшерінде тірі қой және ешкіні ел аумағынан әкетуге сандық шектеулер енгізіледі.

«Осы бұйрыққа сәйкес бұқашықтар мен қой-ешкілерді ел аумағынан әкету Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар 2023 жылғы 30 маусымнан бастап «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы және Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы бірлескен бұйрығымен ірі қара және ұсақ малды ел аумағынан әкетуге тыйым салынады», - делінген ведомство хабарламасында.