АЛМАТЫ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ 100-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ

АЛМАТЫ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ 100-ДЕН АСТАМ ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан полициясы күнін салтанатты түрде атап өтті.

 Салтанатты жиынды ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Абай Серікұлы Қайырбеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. «Қазақстан полициясының мерейлі мерекесі күні еліміздің тыныштығы үшін жігерлі еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге табысты еңбек тілеймін. Бүгін біздің арамызда Қазақстандағы қылмыстық-атқару саласына елеулі еңбек сіңірген ардагерлеріміз отыр. Олардың еңбек жолы бүгінгі жас ұрпаққа өнеге болуда. Сондай-ақ, бүгінгі мереке қызмет бабында қаза тапқан әріптестерімізді еске алу күні. Отан алдында қабылдаған анттарына адал болған ерлердің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. 

Қылмыстық-атқару саласының жауапты жұмысын абыроймен атқарып жүрген барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін», — деді А.Қайырбеков.

Қазақстан полициясының төл мерекесіне арналған жиында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің 100-ден астам қызметкері марапатталды. Олардың арасында Ішкі істер министрінің бұйрығымен кезектен тыс шен алған және «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медалімен, Департамен басшысының Алғыс хатымен марапатталдар бар.

Салтанатты жиында Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасында қоян қолтық ұрыстан өткен XIV чемпионатында жетістікке жеткен спортшы қызметкерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ ҚАЖД қызметкерлері қызмет бабында қаза тапқан әріптестері А.Сабырбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оны бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты жиынға арнайы шақырылған А.Сабырбековтың жұбайына гүл шоқтарын табыстап, алғыс айтты.