Ресейдегі жағдай: Пригожин қарулы бүлік бастағанын мәлімдеді

Ресейдегі жағдай: Пригожин қарулы бүлік бастағанын мәлімдеді
almaty-akshamy.kz

Ресейде аса күрделі жағдай орын алды. Жекеменшік әскери компанияның жетекшісі Евгений Пригожин қарулы бүлікке шақырды деп айтыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Істі Федералдық қауіпсіздік қызметі қозғаған.

23 маусым, жұма күні кеште «Вагнер» жетекшісі Пригожиннің телеграм арнасында қарулы бүлікке шақырған мәлімдеме жасады. Онда ол Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты қарулы күштердің өздеріне шабуыл жасап жатқанын, аритиллериялық және әуе соққысынан вагнерліктер қаза болып жатқанын жеткізген. Ол сөзінде «әділдік орнату үшін» елдің әскери басшылығына қарсы бүлік бастағанын мәлімдеген.

Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде Пригожиннің атынан таратылып жатқан мәліметтерді «арандату» деп бағалаған.

Бірақ, Ресейдегі ақпарат құралдары Дондағы Ростов қаласында әскери іс-қимылдардың болып жатқынын хабарлауда.

Ростовтан Мәскеуге дейін әскери блокпосттар қойылғанын BBC де өзінің ақпарат көздеріне сілтей отырып мәлімдеді.

Пригожиннің мәлімдемесінде елдің президентінен тартып, барлық саяси билігі орнында болатынын, әскери басшылыққа қарсы күресетінін жеткізген.

Сарапшылар бұл жағдайға қатысты түрлі жорамал айтуда. Біреулері Украина тарабының кезекті арандату әрекеті болуы мүмкін десе, енді бірі қарулы бүліктің болуы шындыққа жақын дейді. Себебі, РФ Қорғаныс министрі Шойгу мен жалдамалы жасақтардың жетекшісі Пригожин арасында осыған дейін де алауыздық болып келген еді.