Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем кубогінің қола жүлдегері атанды
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін күрестен өткен әлем кубогі жарысында қола жүлдегер атанды. 

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-дан мәлім еткеніндей, Азамат 86 келіге дейінгі салмақта әлем құрамасы сапында кілемге шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Әлем құрамасы бәсекені екінші айналымнан бастады. Онда А.Дәулетбеков жапониялық Тацуия Шираиды 9:1 есебімен тізе бүктірді. Дегенмен жартылай финалда ирандық Әлиреза Мұхаммед Каримимачианиге жол берді.

Азамат қола жүлде үшін белдесуде грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен ұтып, үздік үштікке ілікті.