Орталық референдум комиссиясының төрағасы ТМД байқаушылар Миссиясының басшысымен кездесті

Орталық референдум комиссиясының төрағасы ТМД байқаушылар Миссиясының басшысымен кездесті
Cурет: Ашық дереккөз

2022 жылғы 1 маусымда Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің ТМД байқаушылар Миссиясының басшысы Леонид Анфимовпен кездесуі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесуге ОРК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ ТМД-дан байқаушылар Миссиясы штабының жетекшісі Олег Кулеба қатысты.
Нұрлан Әбдіров жақында Нұр-Сұлтан қаласына келген ТМД байқаушылары миссиясының басшысына ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.
Леонид Анфимов Миссия 2022 жылғы 21 мамырда жұмысқа кіріскенін және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде саяси бейтараптық, референдум барысына және мемлекеттің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негіздейтінін атап өтті.
ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамына ТМД–ға қатысушы мемлекеттердің, Достастықтың Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей Одағының Парламенттік Жиналысының, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының және ТМД Атқару комитетінің өкілдері болып табылатын 144 байқаушы кірді.