Қазақстанда инвестициялық жобалардың іске асырылуы тексерілетін болды

Қазақстанда инвестициялық жобалардың іске асырылуы тексерілетін болды
Сурет: 1obl.ru

Мониторингты жұмыс тобы жүргізетін болады.

Қазақстан Үкіметі шетелдік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын саралап отыратын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев апта сайын қазақстандық және шетелдік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын саралап, қадағалап отырады», - делінген аталмыш министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгін ведомство басшысы металлургия саласы бойынша жұмыс тобының, атап айтқанда, қара және түсті металлургиядағы инвестициялық жобаларды егжей-тегжейлі зерделеді. Жиын барысында іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Айта кетерлігі, жасақталған жұмыс тобы инвестициялық жобалардың іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізеді.