Президент: Инфляцияны бақылау міндеті – Ұлттық банк пен Үкіметтің басты басымдығы

Президент: Инфляцияны бақылау міндеті – Ұлттық банк пен Үкіметтің басты басымдығы
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық банк инфляция мәселелерін шешуге толық қатысуы керек. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Президент Қазақстандағы инфляцияның монетарлық сипаты да бар екенін ерекше атап өтті.

«Сондықтан Ұлттық банк инфляция мәселелерін шешуге толық қатысуы керек. Инфляцияны бақылау міндеті Ұлттық банк пен Үкіметтің басты басымдығы саналады. Осы орайда жақсы үйлестірілген және кәсіби деңгейде жоспарланған жұмысты күтемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.