Индонезияда күшті жер сілкініcі болып, ондаған адам қаза тапты

Индонезияда күшті жер сілкініcі болып, ондаған адам қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Батыс Ява аралында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 адам қаза тауып, оның кемінде 300-і жарақат алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс Ява аралында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Индонезияның Vетеорология, климатология және геофизика агенттігі жер асты дүмпулері цунами тудыруы мүмкін емес деп мәлімдеді. Дегенмен халыққа қырағы болу ұсынылды.

Сонымен қатар агенттік жерасты дүмпулері Джакарта, Бекаси, Богор және елдің басқа да бірқатар аймақтарында сезілгенін хабарлады.