Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Илья Ильин ағасының ұсталуына қатысты пікір білдірді
Сурет: Nur.kz

Спортшының ағасы кеше ұсталған.

Әлеуметтік желіде Қызылордадағы велоспорттан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Алексей Ильиннің пара берді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

Танымал зілтемірші ағасы Алексей Ильиннің 16 ақпанда ұсталғанын, қазір оның изоляторда екенін мойындады. 

«Ағам туралы ақпаратты мен жақында білдім. Бұл мен үшін, отбасым үшін жағымсыз жаңалық болды. Қазір бұл мәселе туралы ашық айту менің құзыретім емес. Тергеу органдары айналысып жатыр. Ағам изоляторда, ол кеше ұсталды. Оған тағылған айып бойынша адвокат жұмыс істеп жатыр. Мен онымен әлі сөйлескен жоқпын. Қазір бүкіл отбасымызбен оны кепілге шығарып алуды ойластырып жатырмыз», – деді Илья Ильин.