Илон Маск өзінің жеке қаласын салмақшы

Илон Маск өзінің жеке қаласын салмақшы
Сурет: Egemen.kz

Ең бай адамдар тізімінде көш бастап тұрған кәсіпкер өзінің жеке қаласын салуды жоспарлап отыр.

Илон Маск қала құрлысын бастау үшін Техастан бірнеше жер сатып алып үлгерді. Ол SpaceX Musk және Boring Company нысандары орналасқан Остин елді мекенін таңдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал қала мәртебесін алу үшін онда кемінде 201 тұрақты тұрғын болуы керек. Осыдан кейін қала барлық картаға енгізіліп және пошта деректері тағайындалады. Қалаға Снейлбрук атауы беріледі. Snaile ағылшын тілінен ұлу деп аударылады. Бұл атау кездейсоқ таңдалмаған.

Бұл Масктың іскерлік позициясын көрсетеді. Ол кез келген процестердің, соның ішінде дәл осы қала құрылысының жылдамдығын арттыруды және ұлуларға қарағанда жылдамырақ жұмыс істейтін техниканы табу керек деп есептейді. 

Маск қаланың алғашқы тұрғындары өзіне тиесілі компаниялардың қызметкерлері болатынын мәлімдеді. Олар үшін қаладағы қызметтерді пайдалануда жеңілдік қарастырылып, жақсы жағдай жасау жоспарлануда.

Сондай-ақ Снейлбруктың саяси және әкімшілік жүйесі мемлекеттік жүйеге сай болады. Қала мэрін сайлау әдеттегі ережелер бойынша өтеді.