Алматылық полицейлер қару ұстаған ер адамды ұстады

Алматылық полицейлер қару ұстаған ер адамды ұстады
Сурет: Polisia.kz

Алматының патрульдік полиция қызметкерлері қару ұстаған ер адамды ұстады.

27 жастағы Ш. есімді азаматтың көлігін Буран-015 патрульдік экипажының қызметкерлері "Өжет" шағынауданында тоқтатқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшыларын көрген Kia автокөлігінің жүргізушісі айтарлықтай қобалжыған. Оның себебі, салоннан патрондары мен оқтары бар травматикалық тапанша табылған кезде белгілі болды. Шетелдік көліктің жүргізушісі бұл заттардың шығу тегі мен тиесілілігін түсіндіре алмады.

Сараптама тағайындалды, нәтижесінде Ш. есімді азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.