Голливуд фильмдерін қазақша аударуға не кедергі?

Голливуд фильмдерін қазақша аударуға не кедергі?
Сурет: интернеттен

Ұлттық кино орталығы қаңтарда шетелдік фильмдерді дубляждауға конкурс жариялаған.

Бірақ ешбір компания оған қатысуға өтінім бермеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сол себепті орталық конкурсты ақпанда қайта жариялады.

Ұлттық киноны қолдау орталығы Қазақстан аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық фильмдердің қазақ тіліндегі дубляжын қаржыландыратын бірыңғай оператор. Дубляжға арналған фильмдер мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес іріктеледі.

«2024 жылы рейтингі жоғары, премьерасы өтпеген жаңа 15 блокбастерды қазақ тіліне дубляждау жоспарда бар. Аталмыш іс – шараларды іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 2024 жылға 443,0 млн. теңге қаражат қарастырылған», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратында.

Министрліктің мәліметінше, конкурсқа өтінім бергісі келетін компанияда авторлық құқықты сақтау саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес келетін контенті, құқық иеленушілерінен қазақ тіліне дубляж жасауға қажетті өкілеттіктері мен құқығы болуы тиіс.