Қазақстандықтар мінген алтыншы рейс Польшадан елге ұшты

Қазақстандықтар мінген алтыншы рейс Польшадан елге ұшты
Сурет: Tengritravel.kz

Ұшақта 14 жолаушы бар.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:45-те Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға алтыншы репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сыртқы саяси ведомство таратқан мәліметке сенсек, ұшақ Алматы қаласына қонады деп күтіліп отыр.

Осымен Украинадан 836 адам шығарылды, ал соның ішінен 690 адам репатриациялық ұшақпен Қазақстанға оралды.