АХҚО арқылы Қазақстанға 6,2 млрд доллар инвестиция тартылды

АХҚО арқылы Қазақстанға 6,2 млрд доллар инвестиция тартылды
Сурет: Quasa.io

«Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 6 млрд доллар сомасында инвестиция тартылды.

Бұл мәліметті қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты. Бүгінгі таңда қаржы хабында әлемнің 63 елінен 1 200-ден астам компания тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

18 қазақстандық және 11 халықаралық брокерл АХҚО биржасының сауда мүшелері болды. Орталықтың қаржы қызметтерін реттеу комитетінен лицензия алған компаниялардың саны былтыр екі есе артып, 46-ға жеткен. Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы алғаш рет Ислам банкі мен Ислам қаржыландыру компаниясына лицензия берді.