Германияда дәріханалар жабылып жатыр

Германияда дәріханалар жабылып жатыр
Сурет: Aussiedlerbote.de

Себебі, елде дәрі-дәрмек жетіспейді.

Осыған байланысты 120-дан астам дәріхана жабылып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Халыққа қажет препараттардың 400-ге жуық түрі сатылымда жоқ. Мамандар дәріхана кәсібінің болашағы бұлыңғыр, шығын өте көп дейді. Өткен аптада бүкіл ел бойынша барлық дәріхана тапшылыққа наразылық ретінде жұмыс істемей қойды.

Олар инфляцияға байланысты әр дәріге 12 еуро үстемақы қосуды талап еткен. Бірақ үкімет бюджетте артық ақша жоқ деп бұл талапты орындаған жоқ.