Ғалымдар аптап ыстықтың себебін айтты

Ғалымдар аптап ыстықтың себебін айтты
Сурет: ашық дереккөз

Солтүстік жартышардағы аптап ыстық қазба отындарының жануынан туындаған - World Weather Attribution ғалымдары осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Өлім алқабының түтіні бүкіл Солтүстік жартышарға таралып жатыр. Калифорния ұлттық паркінде Жердегі ең жоғары температура + 50 градустан тіркеліп жатыр. Мұнда сусыз және қорғаныссыз жүру өте қауіпті.
World Weather Attributio тобының мамандары жүргізген зерттеуге сәйкес, Солтүстік Америка, Еуропа мен Азиядағы аптап ыстық антропогенді климаттық кризис салдарынан болып отыр. Ол қазба отындарын өртеуден туындаған жаһандық жылыну салдарынан орын алды.
Зерттеуге сәйкес, атмосферада көмірқышқыл және парниктік газдардың жиналуынан температура Еуропада 2,5ºC, Солтүстік Америкада 2ºC, Қытайда 1ºC-қа көтерілген.
Сарапшылардың пікірінше, барлық жерде жылу толқындары қарқынды, жиі және ұзағырақ болуы мүмкін.