Ғалымдар әлемдік ғылыми орталықтан тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

Ғалымдар  әлемдік ғылыми орталықтан тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды
Сурет: ашық дереккөз

Осы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын. Қазіргі уақытта оны іске асырудың тетіктері қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2022 жылдан бастап: «Жас ғалым» жобасы бойынша жыл сайын 1000 грант бөлу көзделіп отыр. Сонымен қатар, 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасау жоспарлануда. Ең бастысы, жетекші ғалымдардың еңбегіне ақы төлеуді базалық қаржыландыруға 85 ғылыми-зерттеу институтын енгізілмек. Ғалымдар үшін ең керектісі жабдық екенін ескерсек, 16 ғылыми ұйымның жабдықтары қайта жаңғыртылған. 2021-2023 жылдары республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық өскен. Мәселен, 2020 жылы 89,0 млрд. теңге бөлінсе, 2021 жылы ғылымға бөлінген қаржы 109 млрд. теңгеге жеткен. 2023-2025 жылдарға арналған ғылым бюджеті 3,5 есеге ұлғайған.  

Ғалымдардың мүмкіншіліктерінің бірі - грант. Бүгінгі таңда бөлінетін гранттар есебінен ғалымдардың орташа жалақысы 2 есеге өскен.  2022 жылдан бастап ҒЗИ-нің 700 жетекші ғалымы базалық қаржыландыру шеңберінде жалақымен қамтамасыз етілсе, іргелі зерттеулермен айналысатын жетекші ғалымдарымыз гранттық конкурстарға қарамастан, тұрақты қаржыландыруды алатын болады.

Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғалымдарды тартуға бағытталған. Бағдарлама негізінен ғалымдар санының бір жарым есеге артыру, елдің ғылыми экожүйесін жаңғырту, ғылымның нақты секторлық проблемаларын шешу, бюрократизация, цифрландыру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясындағы жұмыс арқылы ғылымды әкімшілендіру сапасын жақсартылатын болады.