«Галатасарай» – «Бешикташ» ойынын қайдан көруге болады?

«Галатасарай» – «Бешикташ» ойынын қайдан көруге болады?
Сурет: ашық дерекөз

Бүгін футболдан Түркия чемпионатының 9-турында «Галатасарай» өз алаңында «Бешикташ» командасын қабылдайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Галатасарай» – «Бешикташ» матчын тікелей эфирде астана уақытымен 22:00-де Liveball.uno сайтынан көруге болады.

Кезекті кездесу алдында «Галатасарай» қоржынында 22 ұпай болса, «Бешикташ» 16 ұпай жинаған.

Түркия Суперлигасының кейінгі матчында «Галатасарай» сырт алаңда «Антальяспордан» басым түсті - 2:0. Ал «Бешикташ» «Истанбулспорды» 2:0 есебімен жеңді.

«Бешикташ» құрамында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов бар екенін еске сала кетейік. Ол ыстамбұлдық клуб сапында он матч өткізіп, бір рет гол соқты.