Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеудің элиталы кезеңіне өтті

Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеудің элиталы кезеңіне өтті
Сурет: 24.kz

Футзалдан Қазақстан командасы сенсациялық нәтиже көрсетті.

Біздің жігіттер әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңінде Словения құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Ойынның алғашқы бөлігінде Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен алда болатын. Бірақ екінші таймда алаң иелері екі доп соғып, таразы басын теңестірді. Матч соңына дейін тартысты өтті. Марибордағы бұл кездесу 3:3 есебімен аяқталды. 

Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен бірінші орнын сақтап қалды. Словения 7 ұпаймен ұпаймен екінші тұр. Ал бір де бір ұпай еншілей алмаған Черногория ең соңғы сатыда. Нәтижесінде, Қазақстан енді іріктеудің элиталы кезеңіне өтті. Оның жеребе тарту рәсімі 5 маусымда болады. Ұлттық құрама жігіттері осы жетістігін тағы да қайталай алса, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысады.