Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» көш бастап тұр

Футболдан бірінші лигада  «Оқжетпес» көш бастап тұр
Сурет: Qazaquni.kz

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің он екінші туры ойындары өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетаудың «Оқжетпесі» өз алаңында Алматының «Қайрат-жастарын» 3:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде 28 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Бұдан бұрын көш басында келе жатқан Қызылорданың «Қайсары» 26 ұпаймен екінші орынға ығысты.

Қызылордалық футболшылар аталған турда 29 маусымда өз адаңында елордалық «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңген еді. Сол күні талдықорғандық «Жетісу» сырт алаңда түркістандық «Яссы» командасына 1:2 есебімен жол берді. Шымкенттік «Қыран» өз алаңында Жамбыл облысының «Тараз-Қаратау» командасын 3:0 есебімен жеңіп, үздік үштікті түйіндеп тұр.

Сондай-ақ, «Игілік» (Жамбыл облысы) өз алаңында «Академия Оңтүстікке» 1:2 есебімен жеңілсе, қарағандылық «Шахтер-Болат» қызылордалық «Байқоңырды 4:1 елордалық «Астана-жастар» «Екібастұзды» 3:0 есебімен жеңді.

Еске салсақ, бұдан бұрын бірінші лигада «Жетісу» «Қайсардан» басым түсті.