Елордада теннистен Президент кубогына жеребе тартылды

Елордада теннистен Президент кубогына жеребе тартылды
Сурет: Inform.kz

Бүгін, 17 шілдеде елордада «Президент кубогы» дәстүрлі халықаралық турнирі басталады. Ұлттық теннис орталығының жаздық хард кордтарында ATP Challenger Tour және ITF Women's World Tennis Tour серияларының халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, кеше ATP Challenger Tour сериясындағы ерлер турнирінің біліктілік, жеке және жұптық бәсекелеріне ресми жеребе тартылды. Негізгі кестеде қазақстандықтардың ішінде Дмитрий Попко мен Жаңа Зеландия өкілі Рубин Стэтхеммен, Михаил Кукушкин монакалық Лукас Катаринмен, Ал Тимофей Скатов біліктік сайысында жеңіске жеткен теннисшімен ойнайды. Денис Евсеев ресейлік Әлібек Качмазовпен бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардан wild card алған теннисшілердің де қарсыластары белгілі. Атап айтқанда, Григорий Ломакин украиналық Илья Марченкомен, Бейбіт Жүкеев жапондық Имаи Шитаромен күш сынасса, Достанбек Ташбулатов біліктік сынынан сүрінбей өткен ойыншыға қарсылас болады. Біліктілік сынында Қазақстанның төрт ойыншысы кортқа шығады: Арсыланбек Айтқұлов эстониялық Даниил Глинкамен, Ислам Орынбасар грузиялық Зура Таемаладземен, Никита Сидоров тағы бір грузиялық Саба Пуртселадземен, ал Максим Батютенко беларусь Иван Лютаревичмен ойнайды.

Жұптық сында жеребе нәтижесі мынадай: қазақстандық Григорий Ломакин мен зимбабвелік Бенджамин Люк жарысты екінші айналымнан бастайды. Арсыланбек Айтқұлов пен Максим Батютенко Денис Евсеев (Қазақстан) пен беларусь Иван Лютаревичпен, Бейбіт Жүкебаев пен ресейлік Ян Бондаревский эстониялық Даниил Глинка және Карл Саармен, Дмитрий Попка мен израильдік Даниэл Цуккерман Достанбек Ташбулатов пен Максим Шинамен (Өзбекстан) күш сынасады.

Ал әйелдер турнирінің жеребе тарту рәсімі бүгін өтеді.