Француз актері Жан Поль Бельмондо дүниеден озды

Француз актері Жан Поль Бельмондо дүниеден озды
inform.kz

88 жасқа қараған шағында атақты француз актері Жан Поль Бельмондо өмірден озды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жан Поль Бельмондо 1933 жылдың 9 сәуірінде Париж маңайындағы Нёйи сюр-Сен деген жерде дүниеге келген. Ол алғаш рет режиссер Жан Люк Годардың «Соңғы дем» (1958 жыл) атты фильмінде ойнап, сол арқылы көпшілікке кеңінен танымал болды.

1959 жылы Бельмондо Витторио Де Сиктің «Чочара» фильмінде басты рөлді сомдап, америкалық Оскар киножүлдесіне ие болды.

Әртіс көбінде Жан Люк Годар, Луи Маль, Франсуа Трюффо, Клод Шаброль секілді «жаңа толқын» режиссерлерінің фильмдерінде ойнаған.

Сондай-ақ коммерциялық жобалаларда да жиі бой көрсетіп үлгерді. 1971 жылы ол Cerito кинокомпаниясының негізін қалады.

2001 жылы инстульт алған Бельмондо театр мен кинодағы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

2019 жылдың 14 шілдесінде Франция құрмет легионының орденімен марапатталған.