Францияда зейнеткерлікке 64 жастан бастап шығу ұсынылды

Францияда зейнеткерлікке 64 жастан бастап шығу ұсынылды
almaty-akshamy.kz

Бірақ ірі кәсіподақтар қазірдің өзінде бұл реформаға қарсы наразылық шараларын өткізетінін ескертті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Қазір француздар еңбек демалысына 62 жастан бастап шығады. Бұл Еуропалдағы ең төменгі меженің бірі болып саналады. Қазір Еуроодақ елдерінің кейбірі зейнеткерлікке шығу жасын көтеріп қойған.

Жаңа заң жобасына сай, азамат 43 жылдан аса жұмыс істесе ғана, толық зейнетақы алатын болады. Қаржы министрлігінің есебінше, мұндай өзгерістер зейнетақы қорын қаржы тапшылығынан қорғайды.

Үкімет жобаны осы айдың соңына таман Парламент қарауына ұсынғалы отыр.